Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында ата-аналар арасында төбелес болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Кадрларда бала көтерген екі әйелдің жанжалдасып, төбелескені көрінеді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанжал ойын алаңында басталған.
Алдын ала мәлімет бойынша оған дейін ер адам балалардың бірін ұрған. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.