Астанада құрылыс краны құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды елорданың денсаулық сақтау басқармасы.
"Оқиға орнында бір адам көз жұмды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді. Тағы екі адам жарақат алды. Біреуінің жағдайы ауыр, екіншісі стационарлық деңгейде қажетті медициналық көмек алып жатыр", - деп жазылған хабарламада.