Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Ас қорыту жүйесі туралы...

Заман ағымына байланысты, ас қорытуды жеңілдетеміз деп көп қазақ бұрынғы өткен ата-бабамыз секілді айран ішіп құрт жемей, кока-колаға көшіп кетті. Заман өзгергенімен, біздің болмысымыз өзгерген жоқ қой?

Сурет: kk.gov-civil-beja.pt/ас

Кеңестік кезеңнің формациясынан қазіргі нарықтық қатынастарға көшерде біз көптеген қалыптасқан дүниені өзгеріске ұшыраттық. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы тоқырауға түсті. Ауыл қазағы екі қолға бір күрек іздеп, қалаға жөңкілгенде, қазақтың ата кәсібі иесіз қалды. Осылайша, біз мал өнімдерінен алынатын тағам түрлерінен айрылып қалдық. Сөйтіп, малы жанының садағасы болды... Бір күндік өмірің болса, үш күндік мал жина деген тұрмыстық қағидадан айрылдық.

Атам қазақ мал өнімінің өзін ақ деген. Мал өсіріп, мал өнімін алу үшін махаббат керек.

Қазіргі кезде қалыптасқан дәстүрлі тамақтану салтының орнына тез тамақтану, яғни фаст-фуд дүниеге келді. Бұған қоса, химиялық жолмен өндірілетін кока-кола шықты. Бұл синтетикалық жолмен келген өнім. Сөйтіп, ғасырлар бойы тез қорытылатын органикалық өнім қабылдап келген халқымыз синтетикалық өнімді ішіп-жеуге көшті.

Ағзаға түскен тағамды сіңіру үшін кока-кола ішеді. Жиі ішетін адамдарда кока-колаға тәуелділік пайда болады. Ең қорқынышты жағдай осыдан басталады... Осы жағдайда адам ағзасында өзгерістер: ұйқы безі, бауыр, асқазан-ішек жолдары сырқаты пайда болады...

Ал, адам ағзасында екі орган трансплантацияға жатпайды. Оның бірі көз, екіншісі ұйқы безі...

Адамның бауыры – ең соңғы демі қалғанға дейін қызмет ететін сүзгі. Ал, кока-коланың құрамындағы қант концентрациясының бірнеше мәрте жоғары болуы, оның құрамындағы құрғақ заттардың адам ағзасына тас байлауы, тұтынушыны ойландыруға тиісті...