Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Гинеколог жасөспірім кезде түсік жасатудың қаупін түсіндірді

Жасөспірім кезде түсік жасату гинекологиялық ауруларға душар етіп, көп жағдайда бедеулікке апарып соғады. Бұл туралы ресейлік акушер-гинеколог Виктория Фисюк айтты, деп хабарлайды Рaryz.kz  stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Гинеколог жасөспірім кезде түсік жасатудың қаупін түсіндірді
https://stan.kz

Дәрігердің айтуынша, кез келген жаста түсік жасату зиян, бірақ жасөспірім шақта әсіресе қаупі жоғары. Жасөспірім қыздың бойында екі түрлі гормоналды "бұзылыс" (жүктілік және түсік) болғандықтан, көп жағдайда оның соңы бедеулікке апарады. Бұл әлі толық қалыптасып үлгермеген ағза үшін күрделі араласу. 

Фисюктің айтуынша, кедергілер түсіктен кейін де және процедура кезінде де кездесуі мүмкін. Мәселен, хирургиялық араласу кезінде жасөспірімнен көп мөлшерде қан кетіп, инфекциялық немесе анестезиялық шиеленістер орын алуы мүмкін. 

Ал түсіктің салдары: бедеулік, инфекцияның түсуі әсерінен жатырдың немесе аналыз бездің қабынуы, сепсиске апаруы мүмкін. Одан бөлек, түсік жасату кезінде жатырдың бүтіндігіне залал келуі мүмкін. Қан кетіп, болашақта онкологиялық ауруларды жұқтыру қаупі артады. Өліп кететін жағдайлар да кездеседі.

"Ерте жүктілік жасөспірім үшін ғана емес, оның отбасы мүшелері үшін де үлкен ауыртпашылық болады. Қыздың психо-эмоционалдық жағдайы нашарлап, қылықтары өзгеруі мүмкін. Оның салдарынан күйзеліске түсіп, ұйқысы, тәбеті бұзылады, ашушаң болады. 
Ерте түсік жасату әйелдің алдағы сексуалды өміріне де әсер етеді. Отбасын құрып, бала табуда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде "түсіктен кейінгі синдром" деген термин бар. Онымен күресу қиын. Жасөспірім қызды былай қойғанда, бірнеше баласы бар ересек әйелдің өзі оны жеңіл өткере алмауы мүмкін", – деді Фисюк. 

Дәрігер жасөспірімдерге жыныстық қатынасқа ерте түсудің салдары жайлы айтқан дұрыс деп санайды. Жыныстық өмірге ерте араласқан жағдайда, балалар жүктілікті алдын алудың жолдарымен таныс болуы тиіс.