Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты

Дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында қоғамға зардабын тигізіп жатқан жалған психолог-мотиваторлар туралы айтты. 


«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты
фото: видеодан скриншот

«Бұлардың (жалған психологтардың) ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білемін. Әр адам әркімнен зардап шегіп келіп жатыр. «Пәленше деген психологқа барып едім» деп бастайды, мен «қоя қойшы» деймін. Өйткені менің оларда шаруам жоқ, танымаймын. Мен олармен, адамдармен алыспаймын, солардан зардап шеккендердің мәселесімен айналысамын», - деді ол. А

йнұр Әбдірәсілқызы журналистің жалған психологтар қатарына Айнұр Тұрсынбаеваны қосасыз ба, жоқ па деген сұрағына «ол туралы пікір айта алмаймын» деп жауап қатты. 

«Маған тұлғалар туралы көп сұрақ қояды, мен оларды танымаймын. Мысалы, Айнұр Тұрсынбаева өзін мотиватор деп айтып жүр. Бір кездері ол менің дайрегіме жазып, «Саналы өмір» атты психологиялық мега тренингіме қатысты. Мега тренинг 12 сағаттық болатын. Оның бүкіл программаларын алды, игерді. Кейінірек соны өзінің жұмыстарында көп пайдаланғанын көрдім. Бірақ ол сатылу үшін берілмеген еді, ол жай ғана өзінің жеке басы үшін берілген дүние еді. Ондай нәрселер болды. Одан басқа уақытта ешқандай байланысым болған емес, көрген адамым емес. Алты аласым, бес бересім жоқ», - деді Айнұр Әбдірәсілқызы.