Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев билігі, некролог пен құттықтауға тойдық...

Егер Тоқаевтың орнында Абылай хан, одан бертіндегі Әлихан Бөкейхан болса, ди-джей, рэперлерді құттықтап отырмас еді-ау, ә? Дәл мынадай адам өліп, мал қырылып, экономика құлдырап, экология ластанып жатқан кезде дейміз де. Одан да бұл биліктің нақты іске көшкені жөн болар еді...

Тоқаев билігі, некролог пен құттықтауға тойдық...
фото: коллаж

Қазір Тоқаевтың билігі өртенгенге көңіл айтумен, жеңімпазды құттықтаумен айналысатын болып алды. Бұл туралы желі белсендісі Ғалымжан Өтелбай өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

"Біздегі естуші биліктің (өздерін солай атайды) екі ғана әрекеті бар:

1. Өртеніп өлгендерге көңіл айту;

2. Өз еңбегімен жүлде алғанды жер-көкке сыйдырмай мақтап, құттықтау.

Осы екеуінің ортасында болуға тиісті жүйелі іс жоқ. Өйткені ЖҮРЕК жоқ", - дейді ол.

Әрине, бұл ретте ешқандай теріс пиғыл жоқ. Жанымыз ашыған соң осылай жазамыз да. Әйтпесе Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент басымен мемлекетке алақан жаймай, өз күшімен көтерілген ди-джей Иманбек Зейкеновті "Грэмми" жүлдесін алғанымен құттықтағаны шынымен ыңғайсыздау екен. Егер оған елдік тұрғыда қолдау танытып, өзі қолтығынан демеп отырса, бір сәрі.

Егер Тоқаевтың орнында Абылай хан, одан бертіндегі Әлихан Бөкейхан болса, ди-джей, рэперлерді құттықтап отырмас еді-ау, ә? Дәл мынадай адам өліп, мал қырылып, экономика құлдырап, экология ластанып жатқан кезде дейміз де. Одан да бұл биліктің нақты іске көшкені жөн болар еді. Әлде, бұларда шынымен де жүрек жоқ па?..

Тұрсын ЖАМАНТАЙ

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность