Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Көзге шөп салуды даналық деп көрсету ме?»: Халық «Нурикамал» фильмін сынап тастады

Қазақстанда таяуда композитор Тұрдықылыш Ізтаевтың "Нурикамал" әнінің шығу тарихын баяндайтын фильм көрерменге жол тартты. Фильм жарыққа шыға салысымен желі қолданушылары сынап тастады, деп хабарлайды Paryz.kz Sadаqmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Көзге шөп салуды даналық деп көрсету ме?»: Халық «Нурикамал» фильмін сынап тастады
Фото: kino.kz

Фильмдегі оқиға желісі бойынша композитор Тұрдықылыш Ізтаев 1988 жылы шығармашылық тоқырауға ұшырайды. Композитордың сүйікті жұмысы, отбасы болады. Бірақ, ол тарихта қалатын ән жазуды армандайды.

Күйеуіне қолдау білдіруге тырысқан Ханбибі Есенқарақызы табиғат аясына отбасылық серуенге шақырады. Дәл осы демалыста композитор Ақмоладан келген Нурикамалға ғашық болып қалады. Фильмде ғашықтықтан туған әннің тарихы толық көрсетіледі. Кинотуындының үзінділері TikTok-та кеңінен тарап, көп қаралым жинауда.

 «Жалпы, киноның мақсаты не? Көзге шөп салуды даналық деп көрсету ме?», «Қыздар, бұл киноға бармаймыз! Касса жинай алмай қалсын», «Еркектің көзге шөп салғанына көз жұмып қарап, дым болмағандай бірге тұру, еркекті қабылдауды даналық көру топастық», «Еркектің жүргіштігін ақтайтын кино», «Бұл сонда не насихат?», - деп жазды олар.