Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Нұрсұлтан көке, төрт әйел алуды заңдастыруыңыз керек еді»: Белгілі композитор экс-президентке сәлем айтты

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында   тоқал алуды, көңілдес ұстауды біздің шенеуніктерге экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үйретіп кетті ме деген сауалға жауап білдірді.

Фото: видеодан скриншот

«Олай ойламаймын. Бұл үрдіс атам заманда да, Кеңес Одағында да болған. Кеңес Одағында аудан партияларының бірінші хатшылары, совхоз директорлары санаторийға барған кезде ауылдан 4-5 сауыншы қыз олардан бұрын ұшып барып, тұратын. Билік бар жерде жезөкшелік бар, ең көне, тас ғасырынан басталған, бұған дейін. Дәл бүгінге тіреп қоюға болмайды. Бірақ, бүгін басқа бір форматта, жаңа бір нұсқалары шығып жатыр. Одан сайын дамыған, мәдениетті түрде.
Назарбаев үш әйел алдым, енді төртінші әйел алуға заң қабылдайын деп жатырмын десе, біздің депутаттар «ой, сіз президентсіз ғой, сізге 8 қатын алуға рұқсат берейік, ал үкімет басқарғандарға 4 қатын, ал басқаларға 2 қатын болсын» дейтін еді. Сондай Парламент болды ғой бізде. Назарбаевтың бар айтқанын орындадық», — деді композитор.

Сонымен қатар Қалдыбек Құрманәлі экс-президент билігі жүріп тұрғанда көп әйел алуды заңдастыруы керек еді деген пікір айтты.

«Өзі тыңдар, болмаса арадағы адамдар жеткізіп барар айтқанымды Нұрсұлтан көкеме. Осылай атай берейін, бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы дейтін едім, қазір көке дейін. Менен жасы үлкен ғой, туысқаным, көкем. Нұрсұлтан көке, төрт әйел алуды заңдастырып алу қолыңызда болды ғой. Соны заңдастырып алғаныңызда. Төртеу болса төртеу, бесеу болса бесеу, заңдастырып алуыңыз керек еді, Нұрсұлтан көке», - деді композитор.