Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Карантин: Жүрсін Ерман 500-дей қонақпен 70 жылдығын дүркіретіп өткізбек

Ат шаптырып, көкпар тартып, балуан күрестірмейді демесең, осынша қонақтың өзі - ұлан-асыр думанның дерегі ғой.

Карантин: Жүрсін Ерман 500-дей қонақпен 70 жылдығын дүркіретіп өткізбек
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әсіресе, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы ретінде танымал Жүрсін Ерман пандемия өршіп тұрған шақта өзінің 70 жылдық мерейтойын дүркіретіп тұрып атап өтпек екен, деп жазды paryz.kz.

Нақты тоқтала кетсек, Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданына қарасты Қурайлы ауылында дүниеге келген. Ал 70 жылдығын "ғұмырының жартысы өткен" Алматы қаласында жасауды ұйғарған екен. Осылайша, ол дәл карантин кезінде "Светлана" мейрамханасында 300-500 адамның басын қоспақ. Ат шаптырып, көкпар тартып, балуан күрестірмейді демесең, осынша қонақтың өзі - ұлан-асыр думанның дерегі ғой.

Ұзынқұлақтың айтуынша, карантин талабы, маска режимі, арақашықтық сақтау міндеті дегендей қағаз жүзіндегі қаулы-қарарға Жүрсін Ерманмен қатар, аталған ресторан иесі де пысқыра қоймайтынға ұқсайды. "Құрығы ұзын" көрінеді.