Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Назарбаев жақсы көретіндей келіншек емес» — Жақсылық Досқалиев

Назарбаев тақтан түсті деп тас лақтыруға болмайды. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында осындай пікір қалдырды.

коллаж: Paryz.kz

Сұхбат барысында Досқалиев журналистің  “Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы көресіз бе” деген сұрағына жауап берді.

«Ол жақсы көретін қыз емес, келіншек емес. Адам ата-анасын және жарын жақсы көреді. Назарбаевты жақсы көресін бе деген дұрыс емес. Ол президент болды. 30 жыл қатарынан отырды. Патша болып отырды. Солай емес пе? Оның жазған әнұранын әлі де қолымызды кеудеге қойып айтып отырмыз. Әнгіме жақсы көргенде емес, адамгершілікте. Біреу кетті екен, тақтан түсті екен деп тас лақтыруға болмайды. «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деп айтқан. Қазақ философ кой. Өмір ол бүгін былай, ертен – былай», - деді Досқалиев. 
Халықты құрбақаға теңеуге болмайтынын айтып, сұхбат алушы журналист адамдардың бұрынғы режимнің былықтарын әшкерелеуді қалап отырғанына назар аударды.

«Бұған еруге болмайды. Мен жаңа халықтың бәрін құрбақа деген жоқпын. Назарбаев тақта отырғанда, ешкім ештеңе деген жоқ. Мына әнгіме көтерілген жоқ. Тақта отырғанда неге көтерілмеді? Мен жақтап отырған ештеңем жоқ. Жағымпаз болғым келіп отырған жоқ. Қоғам сондай болды. Сол уақытта ашық айтқан батырлар түрмеге жабылды. Айтатын нәрсе сол кезде айтылу қажет. Ал менің ызам келетіні, кеткен адамның артына тас лақтырайық дегенді. Мен ондайға бармаймын», - деді Жақсылық Досқалиев.