Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Түркістандағы Rixos қонақ үйіне 7 миллиард теңге жұмсалған" - журналист (ФОТО, ВИДЕО)

"Дәл сондай қонақүйді 2012 жылы Бурабайда да салған. Қазіргі иесі Болат Өтемұратов екен..." - дейді Асылхан Мамашұлы.

"Түркістандағы Rixos қонақ үйіне 7 миллиард теңге жұмсалған" - журналист (ФОТО, ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Журналист Асылхан Мамашұлы Facebook-тегі парақшасына Түркістанға аса қымбат Rixos қонақ үйі салынғанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Соған сіз бен біздің қалтамыздан 7 миллиард теңге жұмсалыпты. Ортақ қазаннан шыққан үйіміз деп, кез келген уақытта кіре берсеңіздер болады. Дәл сондай қонақүйді 2012 жылы Бурабайда да салған. Қазіргі иесі Болат Өтемұратов екен. Түркістандағысын да бір түнде біреу қолды қылып кетпесін, байқап жүріңіздер", - дейді әріптесіміз.

Оның айтуынша, журналист Аян Қалмұраттың мақаласы кешегі Навальныйдың зерттеуінен кем емес екен.

"Nur Otan партиясы төрағасының сүйікті кәсіпкерін Түркия журналисі "екі мемлекетке жабысқан кене" депті. Үйге барып, шай-пай ішіп болған соң диуанда жатып оқитын зерттеу материал", - деген Асылхан Мамашұлы, оның сілтемесін де салып қоюды ұмытпады.

Сонда атап көрсетілгендей, қазір кәсіпкер салған Түркиядағы бес жұлдызды қонақүйдің 70 пайызы Назарбаев қорына тиесілі екен.

"Мен тіркеген коллаждағы ғимараттың бәрін - "Ханшатыр", Назарбаев университеті, "Астана Арена", "Назарбаев орталығы", "Нұр әлем" сферасы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, "Алау" мұз сарайы және басқа да зәулім нысандарды Таминже басқаратын Sembol компаниясы салған. Тек 2017 жылдың өзінде бұл компания 17 миллиард теңгеден астам салық төлеп, Қазақстанда құрылыс саласында ең көп салық төлеген компания атанды. Әшкере болған құпия құжаттарға қарағанда, Таминже басқаратын компанияның тағы бір жасырын акционері бар. Ол -Тевфик Ариф. Таразда туған Арифтің есімі 2010 жылы Түркиядағы даулы істе Қазақстандағы ықпалды тұлға, ең бай бизнесмендердің бірі Александр Машкевичпен бірге аталды. The Black Sea басылымының жазуынша, Арифтің ықпалды үштікпен байланысы және олардың Назарбаевпен жақсы қарым-қатынасы Sembol мен Rixos-тың "Қазақстанда ірі көлемдегі мемлекеттік келісім-шарттар алуына әсер еткен" болуы мүмкін", - дейді Аян Қалмұрат.

Оның сөзінше, Таминженің Қазақстандағы табысты кәсібінің тағы бір құпиясы ретінде оның Түркиядағы Назарбаевқа тиесілі қонақүй құрылысын жүргізуі де аталады. Ол туралы толығырақ мына сілтемеде.

«Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты «Ластығы әбден өтіп кеткенін алдыма келген адамдардан білем»: Айнұр Әбдірәсілқызы Айнұр Тұрсынбаева туралы ойын айтты Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Рысмамбетов: Казахстанцы теряются в выборе между долларом и золотом из-за Трампа Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике Казахстан вне витрин: почему страна теряет место в отчетах, но не в реальной экономике В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен В эпоху блоков сильный тот, кто остался собой Казахстан и Китай: 7 направлений стратегического партнёрства в эпоху перемен «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Қара кигендерді кіргізгенін, шетелге бала сатқанын да бетіне бастым»: Әмина қажы Назарбаев туралы ойын айтты (ВИДЕО) «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Сауатсыздар»: Halyk Bank қазақ тілінде құттықттаймын деп, сынға ұшырады «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Трамп Ресей-Украина соғысын тоқтата алмайды» - Айдос Сарым «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады «Шымкентте Украинадан қыздар әкеліп, демалған әкім қараларды нақты білемін»: Айгүл Орынбек күтпеген мәлімдеме жасады Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность Ерлан Саиров: Богатые должны нести большую налоговую ответственность