Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақты "менсінбеген" Федоровтың саяси ұйымы ҚР ҰҚК-нің "қолтығы астында" тұр

Бұл ұйымның сайты, Алматы мен елордада кеңселері бар, мүшелерін ашық жұмысқа қабылдайды...

Қазақты "менсінбеген" Федоровтың саяси ұйымы ҚР ҰҚК-нің "қолтығы астында" тұр
фото: azattyq.org

"Қазақстан деген мемлекет, қазақ деген ұл болмаған" деп ел аман, жұрт тынышта өзімен-өзі байбалам салып жүрген Евгений Федоров басқаратын Ресейдің Ұлт-азаттық қозғалысы Нұр-Сұлтанда ҚР ҰҚК-нің дәл қасында тұр. "Қолтығы астында" деп отырғанымыз сол. Бұл туралы бүгін қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында мәселе көтерді, деп хабарлады paryz.kz.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің атына сұрау салған қоғам белсендісі, Ресей саяси бірлестігінің Есілдің сол жағалауында орналасқан жеріне күмәнмен қарайды.

"Бізге қарапайым азаматтарға ашық мақсаты Қазақстанның аумақтық тұтастығын бұзу және тәуелсіздігін жою болып табылатын Қазақстанда бүгінгі күнге дейін ҰАҚ ұйымы қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп беріңіздерші! Бұл ұйымның сайты, Алматы мен елордада кеңселері бар, мүшелерін ашық жұмысқа қабылдайды. Айтпақшы, астанадағы кеңсесі Сығанақ 19-да орналасқан, ал ҰҚК ғимаратының мекенжайы – Сығанақ 20. Сіздермен тікелей көрші, Кәрім Қажымқанұлы! Бұл қалай болғаны? Ал ЖБҚ-ның басшысы - сол Ресей депутаты Федоров!" - деп шырылдады Мұхтар Тайжан.

Міне, гәп қайда жатыр!..