Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Түркияда мектепке қарулы шабуыл жасалды: ондаған адам зардап шеккен

Түркиядағы мектептердің біріне қарулы шабуыл жасалды. Шабуылды 17 немесе 18 жастағы жасөспірім жасады деген күдік бар. Атыс кезінде ондаған адам зардап шеккен.

Түркияда мектепке қарулы шабуыл жасалды: ондаған адам зардап шеккен
Фото: t.me/russian_turkiye

РБК-ның жазуынша, қарулы шабуыл Түркияның шығысындағы Сиверек қаласындағы (Шанлыурфа провинциясы) мектепте болған. DHA және İHA ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, шабуылдаушы бірнеше оқушыны жаралап, оларды кепілге алған.

Haber Turk басылымы келтірген деректер бойынша, Хасан Челеби ауданында орналасқан Ахмет Коюнджу атындағы Анатолы кәсіптік-техникалық лицейіне шабуыл жасалған. 

Газеттің жазуынша, мектеп ішінде атыс басталған. Milliyet басылымы атқыштың бытыралы мылтықпен қаруланғанын жазады. Куәгер NTV арнасына шабуыл жасаған адамның 17 немесе 18 жастағы жасөспірім екенін айтқан. Оның сөзінше, әлгі адам орта мектеп аумағына сабы ұзын қарумен кірген.

"Алдымен ол аулада оқ жаудыра бастады, содан кейін мектептің ішінде оқ ата бастады", - деді куәгер басылымға. Мектеп ішіндегі оқушылардың дені қауіпсіз жерге шығарылған. Ауданға медицина, полиция және басқа да арнайы бөлімшелер жіберілген.