Лионель Месси бастаған ұжым 2025 жылы Major League Soccer чемпиондық титулын жеңіп алған еді, деп хабарлайды paryz.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамптың командамен кездескен сәтін Ақ үй өзінің ресми YouTube арнасына жариялады. Кездесуде Трамп футбол тақырыбына арнайы тоқталды. Ол аргентиналық футболшы Лионель Мессидің бразилиялық аңыз ойыншы Пеледен де мықты екенін айтқан.
Сонымен қатар, «Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес жайында сөз қозғап, бірнеше рет оны «Луи» деп атаған. Америка көшбасшысы команда ойыншыларының сырт келбетіне әзілдеп, жарасымды тұрғанын жеткізген.
Трамп клубтың плей-офф кезеңіндегі матчтарын да назардан тыс қалдырмады. Бұл кездесу Месси үшін ерекше өтті. Себебі, аргентиналық ойыншы АҚШ президентінің ресми резиденциясына алғаш рет аяқ басып отыр.
2025 жылдың қаңтарында оған «Бостандық» медалі осы Ақ үйде тапсырылуы керек еді. Рәсімге арнайы шақырту алса да, футболшы сол жиынға қатыса алмаған болатын.
Өткен маусымда Лионель Месси «Интер Майами» құрамында MLS Кубогын жеңіп алды.