Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

БҰҰ Бас хатшысы: АҚШ Венесуэлада халықаралық құқықты бұзды

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш 5 қаңтарда АҚШ-тың Венесуэладағы операциясы халықаралық құқық нормаларын сақтамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы: АҚШ Венесуэлада халықаралық құқықты бұзды
Фото: getty images

Гутерриштің орынбасары Розмари Ди Карло хабарлағандай, Бас хатшы БҰҰ Жарғысы негізінде барлық тарап халықаралық құқықты толық құрметтеуі керектігін бірнеше рет атап өткен.

Ол 3 қаңтардағы әскери операция кезінде халықаралық құқық сақталмағанын ерекше атап, Венесуэланың болашағы белгісіз болып қалғанын жеткізді. 

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қаңтарда АҚШ-тың Венесуэлаға ауқымды соққы бергенін мәлімдеді. Ол республика президенті Николас МадуроменоныңжұбайыСилияФлорестің ұсталып, мемлекет аумағынан шығарылғанын атап өтті.