Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

АҚШ Венесуэланы басқаратын болады

АҚШ президенті Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясында Венесуэлада жүргізілген операцияға және латынамерикалық мемлекеттің болашағына қатысты өзінің пікірін білдірді.

АҚШ Венесуэланы басқаратын болады
Фото: видиодан скриншот

АҚШ президенті Венесуэлада жүргізген операцияның маңыздылығын атап өтті.

- Бүгін таң ата менің тапсырмам бойынша Құрама Штаттар, оның Қарулы күштері Венесуэлада жүргізген төтенше операция кезінде Американың күш-қуатын қолданды. Бұндайды елдер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері көрмеген, - деді Трамп. 

Ол сондай-ақ қысқа уақытта бұл операцияның өте сәтті өткенін айтты. Трамп АҚШ әскеріне алғыс білдірді және әскер арасында ешқандай шығын болмағанын айтты. 

- Мен бір түн ішінде осындай жетістікке жеткен біздің Қарулы күштердегі қызметкелердің еңбегіне алғысымды білдіргім келеді, - деді Трамп. 

Ал Венесуэланың болашағына қатысты Трамп былай деді: 

- Қылмыскер Николас Мадуроны қолға түсірдік. Енді олар америкалық сот алдында жауап береді. Оларға АҚШ пен оның тұрғындарына қарсы ойластырылған есірткі терроризмі бойынша айып тағылып отыр. Ол (Николас Мадуро) ажал уының Америкада тарату ісін жеке өзі басқарды, - деді Трамп.

Венесуэланың болашағына қатысты Трамп өтпелі кезең аяқталғанша, жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты.