Прямой эфир
Астана
25.77°C
Түркия билігі Грузияда апатқа ұшыраған түрік әскери ұшағының бортында болған 20 әскери қызметкердің қаза тапқанын ресми түрде растады. Бұл туралы CNN Türk телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Грузия аумағында құлаған түрік әскери ұшағының бортында болған 20 адамның барлығы қаза тапқаны айтылған.
Сондай-ақ ведомство қаза тапқан әскери қызметкерлердің тізімін жариялаған.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұшақ апат туралы дабыл қақпаған.
Haberler басылымының жазуынша, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидземен телефон арқылы сөйлескен.
Олар ұшақ құлаған жерде жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарының барысын талқылаған.
Кобахидзе президент Ердоғанға ұшақ апаты салдарынан әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты көңіл айтқан.
Ердоған Кобахидзеге көңіл айтып, қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізген.