Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қытайда экс-министр пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Ренцзянь ірі көлемде пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл туралы NHK агенттігі жазды, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайда экс-министр пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді
фото: видеодан скриншот

Шешімді 28 қыркүйекте Цзилинь провинциясының Чанчунь қаласының орта сатылы халық соты шығарды.

Үкімге сәйкес, өлім жазасы екі жылға кейінге қалдырылды. Бұрынғы министр өмір бойы саяси құқықтарынан айырылып, барлық жеке мүлкі мен заңсыз кірістері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Тергеу деректеріне қарағанда, 2007 жылдан 2024 жылға дейін Тан Ренцзянь әртүрлі мемлекеттік лауазымдарда жүріп, ұйымдар мен азаматтарға экономикалық жобалар, келісімшарттар және кадрлық тағайындаулар бойынша көмек көрсету үшін 268 миллион юаньнан астам (шамамен 38 млн доллар) пара алған. 25 шілдеде өткен сот отырысында экс-шенеунік өз кінәсін мойындап, өкінетінін мәлімдеген.

Сот осыны ескеріп, өлім жазасын кейінге қалдырылған үкім түрінде бекітті. Мұндай жағдайда сотталған адам екі жыл ішінде жаңа қылмыс жасамаса, жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Тан Ренцзянь бұған дейін Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында, сондай-ақ Ганьсу провинциясында басшылық қызметтер атқарған.

Кейін Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің партиялық тобының хатшысы болған.