Қытайдың Хэбэй провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
"Синьхуа" агенттігінің ақпаратына сәйкес, толассыз жауған жауыннан тағы екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Мәліметке сәйкес, табиғи апат Баодин қаласын басты.
Апат салдары әлі де жалғасып жатыр. Жергілікті билік органдарының мәлімдеуінше, барлығы 46 235 адам табиғи апаттан зардап шеккен.
Сонымен қатар 4 600-ден астам тұрғын қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған. Қазіргі уақытта аймақта құтқару және көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.