Амур облысында жоғалған Ан-24 ұшағының қалдықтары табылды. Фюзеляж жанып жатыр, жолаушылардың тағдыры белгісіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі MASH тelegram-арнасына сілтеме жасап.
Благовещенск–Тында бағыты бойынша ұшып бара жатып жоғалып кеткен Ан-24 жолаушы ұшағының қалдықтары Тында қаласынан 15 шақырым жердегі Кувыкта елді мекені маңынан табылған.
Telegram-арна -тың хабарлауынша, ұшақтың фюзеляжы қираған және жанып жатыр. Әзірше тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ.
Ұшақ бортында 48 адам болған. Олардың ішінде бес бала, төрт экипаж мүшесі және әуе компаниясының екі қызметкері бар.
Ұшақ "Ангара" әуе компаниясына тиесілі. Ол Благовещенск қаласынан жергілікті уақытпен сағат 11:00-де ұшқан. Тында қаласына қону кезінде екінші айналымға кетіп, байланысқа шықпай қалған.