Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянға айып тағылды. Оған аса ірі көлемде пара алды және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті тергеуді аяқтап, қылмыстық іс сотқа жіберілді, – делінген ведомствоның сайтында.
Тергеу мәліметтері бойынша, Серж Саргсян 2000-2018 жылдары Арменияның қорғаныс министрі, премьер-министрі және президенті қызметтерін атқара отырып, өзінің қызметтік өкілетін пайдаланып, сенімді адамдар арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар құрып, коммерциялық ұйымдарды басқаруға қатысқан.
Атап айтқанда, ол өзінің танысы арқылы Арарат аймағындағы битум зауытының құрылысына қатысқан. Сонымен қатар, Саргсянға компанияның акциялары түрінде пара алды деген айып тағылды.