Прямая трансляция

Астана

Астана

16.57°C

12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Жапонияның Айчи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігің баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Финалдық кездесуде ол Иордания өкілі З. Ишашпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Қазақстан боксшыларының Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілістен кейінгі алғашқы алтын медалі. Соңғы рет қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған еді. Ал 2018 жылғы Джакарта және 2022 жылғы Ханчжоу ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын жүлде иелене алмады.

Төрехан Сабырхан биылғы Азия ойындарына ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі ретінде барды. 2025 жылы ол Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында чемпион атанды. Сол додада Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққан.

Қазақстандық боксшылар соңғы халықаралық жарыстарда да жүлделі нәтижелер көрсетіп келеді. 2026 жылы ұлттық құрама Қытайда өткен Әлем кубогының кезеңінде 5 алтын медаль жеңіп алды. Испаниядағы Boxam Elite халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар 17 жүлдеге, оның ішінде 6 алтын медальға ие болды.