Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында отандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева топ жарып, Азиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қазақстандық спортшы марафон қашықтығындағы спорттық жүріс сайысында мәре сызығын 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші болып қиды. Ол жарыс жолында басты қарсыластарын айқын басып озды.
Жүлделі орындар кестесі:
1-орын (алтын): Ясмина Тоқсанбаева (Қазақстан) – 3:22:20;
2-орын (күміс): Даньцзэн Цюйцзун (Қытай) – 3:26:09;
3-орын (қола): Ма Ли (Қытай) – 3:32:26.
Ясмина Тоқсанбаеваның бұл жеңісі Қазақстан ұлттық құрамасының Азиада-2026 бәсекесіндегі тоғызыншы алтын жүлдесі болды.