Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Әнел Тәшбай Қазақстанға жасөспірімдер Олимпиадасының екінші алтынын сыйлады

Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында велошабандоз Әнел Тәшбай Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды paryz.kz.

Әнел Тәшбай Қазақстанға жасөспірімдер Олимпиадасының екінші алтынын сыйлады
Фото: ҰОК

Спортшы жекелей сында жеңіске жетті. Ол 8,5 км қашықтықты 11 минут 32,57 секундта бағындырды. Мәре сызығын екінші болып словакиялық Каролина Гайдукова (+5,05) кесті.

Үздік үштікті ресейлік Ангелина Новолодская (+11,08) түйіндеді. Ерлер арасындағы дәл осындай сында қазақстандық Глеб Новиков алтыншы орын алды.