Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева шахматтан Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.
"25 мамырда басталған бәсеке (5 маусымға дейін) Осло қаласында (Норвегия), Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Бибісараның қарсыластары: Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - қазіргі әлем чемпионы; Чжу Цзиньэр (Қытай) - әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы; Хампи Конеру (Үндістан) - әлем шахматының белді өкілі; Анна Музычук (Украина) - "Norway Chess Women" турнирінің былтырғы жеңімпазы; Дивья Дешмукх (Үндістан) - әлем кубогының иегері. Бұл турнир Бибісара үшін дебют (алғашқы) болды.
Соған қарамастан, ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр. Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады.
Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз "Армагеддон" (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.