Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бейбарыс Қаблан таеквондодан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Бейбарыс Қаблан таеквондодан әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Джунёнды сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.