Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияның Айчи–Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.
58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы финалда Филиппин өкілі К. Барбосамен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша Тамирлан Тілеулес Қазақстан тарихындағы таеквондодан Азиада ойындарындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алды.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының Айчи–Нагоядағы алтын медальдар санын 12-ге жеткізді.
Тамирлан Тілеулес жарыс барысында жоғары шеберлік көрсетіп, шешуші жекпе-жекте жеңіске жетті. Оның нәтижесі қазақстандық таеквондо мектебінің құрлықтық додадағы маңызды жетістіктерінің біріне айналды.