Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетіп, тарихқа енді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді. Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.