Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Финалда жеңілген 8 жасар қызды бапкері шапалақпен салып қалған

Албанияның Тирана қаласында өткен таэквондодан турнирдің финалдық бәсекесінен кейін жаттықтырушы 8 жасар қыздың бетінен шапалақпен ұрған, деп хабарлайды paryz.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда жеңілген 8 жасар қызды бапкері шапалақпен салып қалған
фото: видеодан скриншот

Koha.net медиа ресурсының мәліметінше, қыздың бапкері өзінің әкесі екені белгілі болды. Әкесі бұл әрекетін агрессиясыз, қызы есін жинауы үшін жасағанын түсіндірді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында жаттықтырушының алты айға жұмыстан шеттетілгені туралы айтылды.

«Мен оны сабырға шақыруым керек болды, өйткені ол жеңілісін өте ауыр қабылдады. Мен қызымның есін жиғызғым келді. Ол жылап, айқайлап жіберді, мен оның өзгелердің алдында мұндай күйде болғанын қаламадым. Бұл бірінші орын үшін жарыс болды. Қызым екінші орынды иеленді, алайда ол қарсыласынан әлдеқайда мықты болды. Ол бар болғаны 8 жасар қыз және сол сәтте жылай бастады. Мен оған сабырға келуін айттым», — деген Валмир Фетиу.

Сондай-ақ, VoxNews мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты Косоводағы Балаларды Қорғау Коалициясы пікір білдіріп, мұндай жағдай балалар құқығын бұзатынын және ақталу мүмкін еместігін мәлімдеді.

«Зорлық-зомбылықты ешқандай жолмен ақтай алмаймыз, ұрып-соғып, тәртіпке шақыра алмаймыз. Себебі ол балалардың эмоционалды әл-ауқаты мен психологиялық дамуына зиянын тигізеді, оларға құрмет пен өзіне деген сенімділіктің орнына қорқыныш пен сенімсіздік тудырады. Коалиция сондай-ақ спорттық федерациялар мен клубтарда балаларды қорғауға арналған арнайы ережелер мен рәсімдер болуы керектігін баса айтып, балалар құқығын бұзуды болдырмау және оған жауап беру үшін ішкі жүйе құру қажеттігін атап өтті. Біз балалардың негізгі құқықтары қорғалған, қауіпсіз әрі қамқорлыққа толы ортада өсуіне ұжымдық жауапкершілікпен қарауымыз қажет», — деп хабарлады дереккөз.