UFC 310 турнирінің басты жекпе-жегі саналған Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы чемпиондық шайқас өтпейтін болды, - деп хабарлайды paryz.kz сайты vesti.kz-ге сілтеме жасап.
 
                        Жекпе-жектің өтпейтіні жайлы қазақстандық интернет басылымға ақпаратты спортшының өкілі растаған. UFC Белалдың орнына өзге спортшы іздестіріп жатқан көрінеді.
Ұйым жартылай орта салмақта уақытша чемпиондық атақ үшін Шавкат Рахмонов - Камару Усман жекпе-жегін ұйымдастырып көрмек.
 
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                    