Еліміздің садақшылары жамбы атудан жалпы есепте бірінші орында тұр, деп хабарлайды Paryz.kz.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жамбы атудан жарыс аяқталды. Жарыс 8-11 қыркүйек аралығында төрт стиль бойынша өтті: қазақ, венгр, түрік және корей. Жалпы медальдік есепте қазақстандық садақшылардың қоржынында 6 медаль: 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола бар, – деп мәлімдеді Ойындардың баспасөз қызметі.