Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Теннисші Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колинада (Чили) өтіп жатқан WTA 125 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.

Теннисші Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

Отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге жұптасып өнер көрсетуде. Қазақстандық-словениялық жұп ширек финалда түркиялық Ипек Оз бен грекиялық Деспина Папамихаилды 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, олар турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияда өткен турнирде топ жарған болатын.