Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қазақстандық таеквондошылар Хорватиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте (Хорватия) өткен халықаралық рейтингтік турнирде сәтті өнер көрсетті.

Қазақстандық таеквондошылар Хорватиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Отандастарымыз жарыста үш медаль еншіледі. Оның екеуі алтын, біреуі күміс. Нұрай Амангелді (59 келіге дейін) мен Балгерім Өтеген (68 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Ал Сабина Туртулова (68 келіден жоғары) жарысты екінші орынмен аяқтады.