Қазақстан құрамасы шорт-тректен Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін әлемдік турдың үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды paryz.kz.
Алдағы жарыста еліміздің намысын алты спортшы қорғайды.
Ұлттық құрама сапына Мақсат Уалиулла, Павел Цой, Алишер Абулкатимов, Санжар Жанисов, Давид Нашаев және Дамир Курманов кірді. Жарыс 20-22 қараша аралығында өтеді.