Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн УЕФА Ұлттар лигасындағы ойынын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Джон ван'т Шкиптің қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
«Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Джон ван'т Шкип осы жетінің соңында қызметінен кетеді. Мен оны қызметке шақырғаныма өкінемін. Қазір ҚФФ оның орнына басқа бапкер іздеп жатыр», деді ол.
Сонымен бірге ол ұлттық құрама жаттықтырушысының жиі ауысуы дұрыс емес екенін, соңғы 10 жылда 11 бапкердің еліміздің бас командасының тізгінін ұстағанын атап өтті.
«Бас бапкердің жұмысы тұрақты болу керек еді. Ал Қазақстанда ҚФФ бас хатшысы мен бас жаттықтырушы жиі ауыса береді. Мұндай жағдай футболды дамытуға емес, керісінше артқа сүйрейді. Мысалы, Жапонияда бір адам қызметке тағайындалса ол ұзақ уақыт жұмыс істейді. Сол себепті күншығыс елінде даму бар», деді Скот Манн.