Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Жала жауып жатыр" - Ауыт Мұқибек елді шулатқан балдызының жазбасына жауап берді

"Құрмет" орденінің иегері, ақын Ауыт Мұқибек "қол жүгіртті" деп айыптаған балдызының сөзіне жауап берді. Экспресс К тілшісі оқиғаның мән-жайын қаламгердің өзінен сұрап білді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Жала жауып жатыр" - Ауыт Мұқибек елді шулатқан балдызының жазбасына жауап берді

Оның айтуынша, қыздың жазбасы екеуара реніштен туындаған екен.

"Ол менің әйелімнің әпкесінің қызы. Бір айдан бері біздің үйде тұрып жатыр. Айтқанының бәрі өтірік. Әкесіндей адаммын ғой. Бір әрекеттеріне байланысты ұрысқанмын. Қатты-қатты айтып жіберген сияқтымын. Әлдебір әрекеттері ұнамағанын ептеп білдірдім. Соған өкпелеген болуы керек. Қаттырақ ұрысқаныма өкпелі болса, кешірім сұрауға дайынмын", — дейді Ауыт Мұқибек.

Бірақ қаламгер балдызының қандай әрекеттеріне көңілі толмайтынын ашып айтқысы келмеді. Бұл оқиғаға аса бір мән берудің қажеті жоқ деп есептейді.

Жала деп те айтуға болады. Бір жағы еркелігі де шығар. Отбасының деңгейіндегі ұсақ әңгіме ғой бұл. Мен ондай әрекетке баратын адам емеспін. Өзім де кішкентай қыз тәрбиелеп отырмын. Төрт жарым жаста,

— дейді ол.

Сондай-ақ ол айып таққан қыз сотқа берем десе, жауап беруге дайын екенін, ешқандай қорқынышы жоқ екенін айтты.

Ал туыстары туралы сұрағымызға: "Ата-анасы қызына ұрысып жатыр. Олар менің өте қатты сыйлайтын адамдарым. Аға-әпкелері де ақыл айтып жатқан көрінеді", — деп жауап берді.

"Жұрт жезде мен балдыз болып қалжыңдасып жатады ғой. Мен олай ойнаған адам емеспін. Отбасы болған соң, ағалығымды білдіріп, жүріс-тұрысына байланысты ескерту жасадым. Өзім Алматыда жүрмін. Онымен әйелім сөйлесіп жатыр. Ол орысша жазыпты, постын оқымадым. Әйелім маған шет-жағасын айтып берді", — дейді қаламгер.