Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Жанжал бүгін, 24.12.2024 10:40 Обновлять, 20.11.2025 14:18

«Қатын құтырған заман болды»: Ақын Бақыт Бедалхан әйелдер туралы айтты

Ақын Бақыт Беделхан журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында қазіргі қоғамдағы әйелдер бейнесі мен отбасылық құндылықтар жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қатын құтырған заман болды»: Ақын Бақыт Бедалхан әйелдер туралы айтты
фото: видеодан скриншот

Оның айтуынша, бұл тақырыптар бүгінде оны «жынды етеді». Ақын желідегі әйелдер тақырыбын қозғайтын контенттің көбейгеніне тоқталып, оған психологтарды себепкер деп санайды.

«Эфирде, желіде, тиктокта қатын құтырған заман болып тұр. Оны құтыртып отырған – психологтар. Олар әйелдерге “еркектің күңі емессің, ата-енең ешкім емес, қалағаныңды жаса” деп, эгоны оятып жатыр», – деді ол. 

Бақыт Беделханның пікірінше, мұндай көзқарастар қазақы отбасының қалыптасқан жүйесін әлсіретеді.

«Билік те жағдай жасап қойды. Әйелге дауыс көтерсең де, қол көтерсең де – бәрі заңмен жазаланады. Бұл — қазақ отбасын әдейі ыдырату», – деді ақын. Сондай-ақ ол желідегі кейбір бағдарламаларды көргісі келмейтінін атап өтті. 

«Мөлдір шығып қалмаса екен”, “Бадықова шығып қалмаса екен” деп отырамын. Өйткені ондай әңгімелер халықты адастырады», – деді ол.