Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

"Ақшасын жас қыздарға шашады": Нұрлан Абдуллиннің әйелі ел күтпеген мәлімдеме жасады

Ақмарал Баққараева есімді келіншек өзін белгілі әнші Нұрлан Абдуллинның азаматтық некедегі әйелімін деп таныстырды, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Ақшасын жас қыздарға шашады": Нұрлан Абдуллиннің әйелі ел күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: видиодан скриншот

Ол әншіні туған баласына көмектеспейді деп айыптады. Бұл туралы ол Ulysmedia.kz YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Арамызда бір ұл бар, алайда қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады», - дейді келіншек.

Қазіргі уақытта Ақмарал сегіз жастағы ұлын өз күшімен өсіріп тәрбиелеп отыр. Ол баласының құқығы үшін соңына дейін күресемін деп бел буып, дәл қазір соттасу үстінде.