Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқан өзінің туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Өнер иесі 43 жасқа толды. Ол шоу-бизнестің жұлдыздарын жинап кеш өткізген. Туған күнінде өзінің әндерін шырқап, артынша биге ұласты.
Қыздары да өнер көрсетіп, туған күннің сәнін келтірді. Желі қолданушылары Мөлдірдің белсенділігі мен сұлулығына тәнті болып, туған күнімен құттықтады.
"Көйлегі жарасып тұрған жоқ", "Тұрсынбектен кеткені жақсы болған", "Үстіне не киіп алған", "Не батарейкасы бар, шаршамайды екен", "Тұрсынбектен кетіп құлпырды", "43- ке келді деп кім айтады", "Туған күніңіз құтты болсын", – деп жазды оқырмандар.