Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«Сұмдық көп екен»: Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға қанша бергені белгілі болды

Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның құдаларына берген қалың малы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сұмдық көп екен»: Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға қанша бергені белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде тараған видеода әулеттің үлкені құдаларға қалың мал ретінде 10 миллион теңге, сондай-ақ кәде сыйға 300 мың теңге табыстап жатқан сәт көрсетілген.

Желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі қалың малдың көлемін қызу талқыға салған.

«Күшті, жастар бақытты болсын!», «10 млн көп қой, біз 2 млн бергенбіз», «Мұндай қызға 10 млн аз ғой», – деп жазды пікір қалдырушылар.