Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Жеті жыл күттік": Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші Тамара Асар әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әкесінің шаңырағында көптен күткен сәбидің дүниеге келгенін айтып, өзі кіндік шеше болғанын жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Жеті жыл күттік": Тамара Асар қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, нәресте жеті жылдан бері күткен сәби екен.

«Сүйінші, ардақты ағайын! Амал-Наурызда әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы болды. Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойныма бұршақ салғандай ерекше тілеп, ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын», – деп жазды ол.

Сонымен қатар әнші жаңа туған қыз балаға ерекше есім бергенін айтты. Оның айтуынша, сәбиге Әнұза деген ат қойылған. 

«Әнұза деп ат қойдым. Лайым інім мен келінімнің өмірлері ән болсын, әндері ұзағынан болсын деген тілекпен қойдым. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңлім, әрі кіндік қыжым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда. Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін», – деп жазды Тамара Асар.

Қуанышты жаңалықтан кейін желі қолданушылары әншіні құттықтап, ізгі тілектерін жаудырған.