Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдік сапарынан елге аман-есен оралғанын хабарлады, деп жазады paryz.kz.
Өнер иесі жолсапарының бағытын атап өтіп, барлығы сәтті өткенін айтты.
"Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай – Маскат – Ыстамбұл – Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын", – деп жазды Жазира Байырбекова.