Прямая трансляция

Астана

Астана

-22.03°C

«Әлемдегі ең қатал ана»: Дина Төлепберген анасы туралы күтпеген жазба жариялады

Тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желіде анасын туралы жазды , деп хабарлайды paryz.kz.

«Әлемдегі ең қатал ана»: Дина Төлепберген анасы туралы күтпеген жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

"Менің анам небәрі 11 жасында өз анасынан айырылған. Бәлкім сондықтан болар, есейгенде дәрігер болуды қалапты. Кішкентай кезімде, мен анамды “әлемдегі ең қатал ана” деп ойлайтынмын.

Бәлкім, өзі жетім болып өскен соң, мені өмірге тезірек дайындағысы келген болар. Еркін таңдау жасауға мүмкіндік беріп, әрдайым “батыл бол” деп қамшылағаны есімде. 

Бүгін мен сол қаталдау тәрбиенің астарында шексіз махаббаттың жатқанын түсінемін, әрине. Туған күніңмен, Мама. Менің бүгінім, болмысым - бәрі де Сенің еңбегің!", - деп жазды журналист.