Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Құран оқығанын да түсіре ме?": МузАРТ тобының әншілері сынға ұшырады

Әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасына видео жүктеймін деп көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Құран оқығанын да түсіре ме?": МузАРТ тобының әншілері сынға ұшырады
Фото: видиодан скриншот

Ол құран бағыштап отырған сәтінен контент жүктеген.

"Я, РАББЫМ! Бағыштаған ҚҰРАН, жасаған зияратымызды қабыл ете гөр. Қасиетті РАМАЗАН айы құтты болсын, ҚАЗАҚ елі!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің бұл қылығын ұнатпай түрлі пікір қалдырды.

"Осыны түсіріп жүрген адам қол жаймай ма?", "Видео түсіргенше құранға қатыспайсың ба", "Қабыл болсын. Түсірудің еш қажеті жоқ", "Ерсі көрініс", "Мынау не еркектер отырып алған, қыз-келіншектер тізе бүгіп отыр", "Міндетті түрде түсіру керек пе", деді сынаған жұрт.