Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Сағындық...»: Тұрсынбек Қабатовтың сағынышқа толы жазбасы

Танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сағындық...»: Тұрсынбек Қабатовтың сағынышқа толы жазбасы
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, бүгін әкесінің туған күні. Егер көзі тірі болғанда, 72 жасқа толар еді.

«Әкем болмысы бөлек, терең жан еді. Көп сөз айтпай-ақ, бір қас қабағымен көп нәрсені ұғындыратын. Кітаппен дос, ойы биік, сөзі салмақты адам болды. Әке – асқар тау. Жаныңыз жәннатта болсын. Сағындық», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әзілкештің жазбасына пікір қалдырып, марқұмның жатқан жері жайлы болуын тілеп, көңіл айтты.