Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Ас үй жиһаз жоқ, су тасып ішеміз»: Қабатовтың тоқалы өзін «дайынға келдің» дегендерді орнына қойды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өзін «дайынға келдің» деп сынаған оқырмандарына жауап қатты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Ас үй жиһаз жоқ, су тасып ішеміз»: Қабатовтың тоқалы өзін «дайынға келдің» дегендерді орнына қойды
Коллаж: paryz.kz

Айман Талғатқызының айтуынша, қазіргі таңда тұрмыстық тіршілікті қарапайым жағдайда атқарып жүр.

«Ыдысты да қолмен жуамын десем, сенесіздер ме? Бірақ солай. Есесіне рухани баймын. Негізі неше түрлі ас пісіре аламын, бірақ ас үйдегі жиһазым келсін. Сосын патырлатып көрсетіп, салып отырамын. Әзірге лажы осы. Суды да тасып ішіп жүрміз. “Дайынға келдің, аспаннан салбырап түстің” демеңдер, айналайындар», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол үйдің берекесі әйелге байланысты екенін айтып, қазіргі жағдайына шүкіршілік ететінін жеткізді.

«Үйдің әр бұрышының әдемілігі, иісі мен берекесі әйелге байланысты. Жоқ деп жылап, қайғырып жатқаным жоқ. Керісінше, шүкір. Адал еңбекпен келген әр бұрышта, әр затта береке бар, түсінген жанға. Осы барыммен күнде тамақ жасап, бірге бөлісіп отырайық, қалай?» – деді Айман Талғатқызы.