Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Базарда арба сүйреген»: Ернар Айдар жастық шағын көзіне жас алып еске алды

Танымал әнші Ернар Айдар жастық шағындағы көк базардағы күндерін сағынышпен еске алды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Базарда арба сүйреген»: Ернар Айдар жастық шағын көзіне жас алып еске алды
Коллаж: sn.kz

Instagram желісіндегі Taraz History парақшасында 2009 жылы Тараз қаласындағы әйгілі көк базардан түсірілген ескі бейнежазба жарияланды. Кадрлар қала тұрғындарының жүрегін елжіретіп, көпшілікті өткен шаққа жетеледі.

Желі қолданушыларының пікірлері арасында Ернар Айдардың жазбасы да көптің назарын аударды. Өнер иесі бұл базардың өз өмірінде ерекше орын алатынын атап өтті. 

«Тамаша естелік екен. Бұл базар мен үшін ең жылы әрі берекелі мекен. Көп нәрсе көз алдыма қайта келді. Видео авторына алғысым шексіз», – деп жазды әнші. Айта кетейік, Ернар Айдар бұған дейінгі сұхбаттарында жас күнінде осы көк базарда жүк тасып, арба айдағанын бірнеше рет айтқан.