Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Жабыспаған жігіті қалмады»: Ақбота-Нұр әріптесімен көзге түсті

Әнші Ақбота-Нұр актер Бағдат Сейітпен желіде бірге түскен суреттері қызу талқыға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Жабыспаған жігіті қалмады»: Ақбота-Нұр әріптесімен көзге түсті
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы актер әрі әнші Бағдат Сейіттің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол Ақбота-Нұрмен түскен суреттерін бөлісе отырып, қысқа жазба қалдырған:

«Жақсы көремін», – деп жазды Бағдат Сейіт. Желі қолданушылары постқа белсенді реакция көрсетіп, суреттегі қыздың жүзін жасырғанына қарамастан, аяғындағы қара қалпақ арқылы оны танып, екеуіне бақыт тіледі.

Пікірлердің кейбірі мынадай болды: «Ақбота ғой, аяғындағы қара қал» «Аяқтың өзі хит» «Өте керемет жұп, бақытты болыңдар» «Ақбота, осы жолы бақытты болшы» «Жабыспаған жігіті қалмады ғой» «Ақбота жақсы жігіт тауыпты, жарасымды» Желі қолданушыларының жазбалары екеуінің қарым-қатынасына қызығушылық танытқанын көрсетті.