Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Әйел ұратын еркек — еркек емес»: Маржан Арапбаеваны әріптестері жаппай қолдауда

Вадим Раневский әнші Маржан Арапбаеваны қолдап, зорлық-зомбылыққа қарсы үн қатты, - деп жазады paryz.kz.

«Әйел ұратын еркек — еркек емес»: Маржан Арапбаеваны әріптестері жаппай қолдауда
Фото: әлеуметтік желіден

Блогер Вадим Раневский азаматтық күйеуінен зәбір көрген әнші Маржан Арапбаеваны қолдап, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың «отбасылық мәселе» емес, ауыр қылмыс екенін атап өтті.

«Бүгін мен Маржанды қолдағым келеді. Күшті, талантты, жарық жанды әйелді. Бірақ бүгін ол — ең алдымен жаны ауырып отырған әйел».

Блогер өз үндеуін тек қоғамға ғана емес, билік өкілдеріне де бағыттағанын жеткізді. 

«Мен тек адамдарға ғана емес, біздің билікке де жүгінемін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық — “отбасылық іс” емес. Бұл — қылмыс». 

Оның айтуынша, әйелге қол көтеру — әлсіздік пен масқаралықтың көрінісі.

«Әйелге қол көтеру — анаға қол көтеру, өмір сыйлаған, сүйетін, төзетін, сенетін жанға қол көтеру. Бұл — күш емес. Бұл — ұят. Бұл — сұмдық».

Раневский әйелге күш көрсеткен ер адамды еркек деп атауға болмайтынын қадап айтты.

«Әйелді ұратын еркек — еркек емес. Ешқандай эмоция, сөз, қызғаныш немесе “жүйке” біреудің тағдырын мүгедек етуге құқық бермейді».

Ол қоғамдағы үнсіздік мәселесіне де назар аударды. Блогер нақты талаптарын да ашық жариялады.

«Тағы қанша әйел үнсіз жылауы керек? Тағы қанша ана өз үйінен қорқуы тиіс? Заңдар қатаңдап, жаза бұлжымас болуы үшін тағы қанша оқиға трагедиямен аяқталуы керек?

«Біз талап етеміз: — әйелдерді қорғауды — зорлық көрсеткендерге нақты жаза мерзімдерін — тұрмыстық зорлық-зомбылыққа

нөлдік төзімділікті», - деді ол. Жазбасының соңында ол Маржан Арапбаеваға тікелей қолдау білдірді.

«Үнсіздік өлтіреді. Бейжайлық бізді сыбайласқа айналдырады. Маржан, сен жалғыз емессің. Біз сенімен біргеміз. Сенің қайғың — біздің қайғымыз. Сенің күшің — мыңдаған әйелге үлгі. Бұл айқай естілсін. Заңдар қорғап, көз жұма қарамасын. Әйелді ұруға болмайды. Ешқашан», - деп түйіндеді блогер.