Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Шоу-бизнес бүгін, 05.12.2025 10:20 Обновлять, 08.12.2025 04:38

«Сіз менің әкемсіз ғой»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов пен қыздарының арасындағы әңгімені ашып айтты

Белгілі әнші Мөлдір Мұқанова экс-күйуі Тұрсынбек Қабатов пен балалары арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сіз менің әкемсіз ғой»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов пен қыздарының арасындағы әңгімені ашып айтты
фото: әлеуметтік желіден

Журналист Жанар Байсемізге берген бұған дейінгі сұхбатында Мұқанова Қабатов балалардың нөмірін бұғаттағанын айтқан еді. Алайда кейін бұл мәліметті Тұрсынбек Қабатов жоққа шығарған. Дегенмен әнші сұхбаттан кейін Қабатов алғаш болып балалармен байланысқа шыққанын атап өтті.

«Сол сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына "Әдемі, саған рақмет" деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: "Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет" деп жауап беріпті. Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Бір-ақ галочка ғана көрінетін. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым», – деді Мөлдір Мұқанова.